Ұлытау облысы Қаражал қаласының Жәйрем кентінде бес қабатты қонақүйдің шатыры мен жиһаздары өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте ғимараттың шатыры мен жиһаздары жанып жатқан.
"Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толық сөндірілді. ТЖМ және "Зевс-Энерго" МӨҚҚ күштерімен ғимараттан 40 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды", - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ.