Елдің солтүстік және орталық өңірлерінде (Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары) жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ, екпінді жел және тұман күтіледі. Оңтүстік және батыс өңірлерде кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін.
13 маусым аралығында Ақтөбе, Қостанай облыстарында мол жауын-шашынның сақталуы күтіледі. Облыстардың басым бөлігінде жоғары температуралық фонның сақталуына байланысты жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
13 маусымда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында жауын-шашын болады деп болжанып отыр. Облыстардың басым бөлігінде жоғары температуралық фонның сақталуына байланысты жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
13-20 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында 30-35 градус, облыстардың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады.
13-20 маусымда күндіз Алматы, Жетісу облыстарында 30-38 градус қатты ыстық сақталады.
14-21 маусымда күндіз Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында 35-40 градус қатты ыстық, 17 маусымнан бастап облыстардың оңтүстігінде 40-43 градус қатты ыстық күтіледі.
Қатты ыстықтың болжануына байланысты облыстардың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Астана қаласында 13 маусымда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент қаласында 13 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.
13 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр,найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
13 маусымда түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығыснда жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
13 маусымда түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
13 маусымда күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың қиыр батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
13 маусымда түнде Атырау облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
13 маусымда Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
13 маусымда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
13 маусымда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше және жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
13 маусымда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт каупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
13 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
13 маусымда түнде Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.