Киікбай Жаулин: Адами капиталды дамыту – басты міндет

Бүгін, 16:28 / Алуа Арман

Бүгін Астанада өтіп жатқан «AMANAT» партиясының сьезіне Маңғыстаудан арнайы келген делегат, саяси ғылымдарының докторы, профессор, академик Киікбай Жаулин жұртшылықтың съезден үлкен үміт күтіп отырғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бұған дейін де аз жұмыс атқарылған жоқ. Бірақ бүгінгі съезден үлкен жақсылық күтіп отырмыз. «AMANAT» партиясының мүшесі ретінде өзім де партия атқарған үлкен жұмыстардың бел ортасында жүрдім, куәгер болдым. Қолымыздан келгенше қызметімізді жасадық. Саяси, әлеуметтік, қоғамдық салаларда, адами капиталды арттыру, денсаулық, білім-ғылым саласында көптеген жұмыс атқарылды. Оның бәрін ел көріп отыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқан Әділетті, Прогрессивті, Жаңа Қазақстанның болашағын қалыптастыру жолындағы еңбегімізді одан әрі жалғастыра береміз. Реформа тетіктерін жаңғыртуымыз қажет. Қоғамдық ұйымдарды бір орталыққа тартсақ, ол орталықтар өзө ойларын бір орталық арқылы жеткізсе, халыққа да тез жеткен болар еді. Сол арқылы біз болашақты қалыптастырамыз», - дейді ол.

Тэгтер:

Киікбай Жаулин