Бұл съездің маңызы зор – Дидар Жұмағалиұлы

Бүгін, 16:02 / Алуа Арман

Бүгін Астанада «AMANAT» партиясының съезі өтіп жатыр. «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының Алматы қалалық филиалының төрағасы Дидар Жұмағалиұлы аталған съезден маңызды шешімдер күтілетінін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бүгінгі съезде біраз мәселе қозғалады деп күтіліп отыр. Өздеріңізге белгілі, бізде жақында ғана саяси кеңестің отырысы өткен болатын. Партиямыз Президенттің тапсырмаларын орындау мақсатында үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Съезд барысында қандай жұмыстар атқарылды, соның есебі беріледі. Алдағы уақыттағы біздің мақсат-міндеттеріміз анықталып, жоспарлар талқыланады деген ойымыз бар. Бүгінгі съезге Қазақстанның түпкір-түпкірінен мың жарымнан астам делегат келіп қатысып жатыр. Олардың барлығы аймақтардың үмітін арқалап келіп отырған азаматтар. Бүгінгі съезде маңызды шешімдер қабылданады, оның барлығы съезд соңында белгілі болады», - дейді ол.

Тэгтер:

Дидар Жұмағали съезд