Кофе, шарап, жидек: Тісті қандай өнімдер қарайтады?

Бүгін, 04:30 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ресей Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Пирогов университетінің терапиялық стоматология кафедрасының аға зертханашысы, дәрігер-стоматолог-терапевт Анастасия Хритова тіс эмалінің түсін өзгертуі мүмкін өнімдерді атады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тіс эмалінің түсінің өзгеруіне ықпал етуі мүмкін негізгі өнімдер мен сусындарға мыналар жатады:

Кофе мен шай;

Қанық түсті жидектер: көкжидек, таңқурай, құлпынай;

Құрамында бояғыш пигменттері көп тұздықтар;

Қызыл шарап;

Шоколад.

– Неліктен бұл өнімдердегі пигменттерді кетіру қиын?

– Бұл сусындар мен тағамдардың құрамында тұрақты пигменттер болады. Олар тіс эмалінің кеуекті құрылымына еніп, оның құрамына сіңіп кетеді. Соның нәтижесінде берік химиялық байланыстар түзіліп, тістердің түсі өзгереді.

– Тістерді боялудан қалай қорғауға болады?

– Мұндай жағдайдың алдын алу үшін ауыз қуысының тазалығын мұқият сақтау, аталған тағамдар мен сусындарды тұтынғаннан кейін ауызды сумен шаю және әр алты ай сайын стоматологқа барып кәсіби тіс тазарту процедурасынан өтіп тұру ұсынылады.

Тэгтер:

денсаулық шоколад тіс шарап кофе жидек эмаль