Ақсу қаласында терезеден құлап кеткен үш жасар бала ауруханада көз жұмды

Бүгін, 12:26 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақсу қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кеткен бүлдіршін Павлодар қаласындағы ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Еске салайық, 11 маусым күні күндіз Ақсу қаласында 2023 жылы туған бала тұрғын үйдің үшінші қабатының терезесінен құлап, ауыр жарақат алған болатын.

Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, бала алдымен Ақсу қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізіліп, кейін Павлодар облыстық балалар ауруханасына ауыстырылған.

Дәрігерлер оның жағдайын ауыр бассүйек-ми жарақатына байланысты аса ауыр деп бағалаған. Бала жансақтау бөлімінде болып, қажетті қарқынды ем қабылдаған.

«Өкінішке қарай, дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, Ақсу қаласынан биіктен құлағаннан кейін жеткізілген бала операция кезінде көз жұмды. Алған жарақаттары өте ауыр болып, өмірге сәйкес келмеді», – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері Павлодар облысында балалардың терезеден құлауының үш оқиғасы тіркелген. Соның бірінде бала алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Тэгтер:

Аурухана Бала Павлодар Ақсу Терезе Құлау