Алматыда Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасына қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін сотталушыдан жауап алу жоспарланған болатын, алайда сот отырысы кейінге шегерілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кеше Әл-Фараби даңғылындағы резонанс тудырған жол апатында қаза тапқан Mercedes-Benz жүргізушісінің отбасы сотта өз мүдделерін қорғап келген адвокаттардың қызметінен бас тартқаны белгілі болды. Бұл туралы заңгер Анна Чернова Instagram парақшасында хабарлады.
Бүгінгі сот отырысында жәбірленуші тараптың жаңа адвокаты іс материалдарымен толық танысып шығу үшін сот отырысын кейінге қалдыруды сұрады. Прокурор да, қорғаушы тарап та бұл өтінішке қарсылық білдірген жоқ.
Сот істі қарауды 15 маусымға қалдырды.
Айта кетейік, бүгінгі отырыста сотталушыдан жауап алу күтілген еді және ол сот залына қатысып отырды.