Ереван – Алматы бағытында әуе рейсі іске қосылады

Бүгін, 11:17 / Алуа Арман
istockphoto.com

2026 жылғы 12 маусымнан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Арменияның жаңа шетелдік әуе компаниясы – FlyOne Armenia шығады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әуе компаниясы Ереван – Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды. Рейстер аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері жүзеге асырылады. Осылайша, Қазақстан мен Армения арасындағы апталық әуе рейстерінің жалпы саны 3-тен 5-ке дейін артады.

«Қазақстан мен Армения арасындағы әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді», – деп атап өтті ведомство.

Тэгтер:

Ұшақ Армения әуе рейсі Ереван