Өзінен 25 жас кіші әйел алған танымал актер Қажет Смағұл әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялап, оқырмандар арасында қызу талқыға түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі жас әйелмен өмір сүру оңай емес екенін айтып, тағы да үйленгісі келетінін жеткізген.
"Дені дұрыс қыз керек. Жас әйел болмайды екен. Кеше қан қысымым көтеріліп, дәрі алып келші десем, активті көмір алып келген. Тамақ істеші десем, "тапсырыс бере салайықшы" дейді. Тоңазытқышты ашсам, ішінде жастар жейтін чипсы тұр. Жақсы, тапсырыс бер десем, "суши, пицца" дейді", – деді Қажет Смағұл.
Актердің бұл сөзі желі қолданушыларының түрлі пікір айтуына себеп болды. Көпшілік оның жас әйелге қатысты айтқан сөзін сынап, пікір қалдырған.
"Тең-теңімен, тезек қабымен деп бекер айтылмаған", "Сауап болыпты", "Қатынға тоймайды екен", "Обалың жоқ, жас қатында нең бар еді?", "Не деп мылжыңдап отыр?" – деп жазды оқырмандар.