Астана қаласында өткізіліп жатқан "Заңсыз келуші" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іс-шара барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібін бұзған 500-ден астам шетел азаматын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Сонымен қатар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау, тіркеу және олардың уақытша болуы туралы көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған 100-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тексеру шаралары барысында ел аумағында заңсыз жүрген, тіркеу мерзімін бұзған және көші-қон заңнамасының өзге де талаптарын сақтамаған шетел азаматтары анықталды.
Сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалануға жол берген жұмыс берушілерге қатысты тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.
Полиция қызметкерлері заңсыз көші-қонның алдын алу және көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты негізде жүргізуде.