Ақмола облысында 26 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Бүгін, 09:42 / Алуа Арман
istockphoto.com

Біржан сал ауданының прокуратурасы өткен жылдан бастап мақсатсыз пайдаланылатын жер телімдерін анықтауға және қайтаруға бағытталған «Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару» жобасын іске асырып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 2025 жылы мемлекет меншігіне 23 мың гектардан астам пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды.

Биыл аталған бағыттағы жұмыс жандандырылуда. Тек ағымдағы жылдың өткен кезеңінде прокуратура кадастрлық құны 20 млн теңгеден асатын 3,5 мың гектардан астам жайылымдық жерлердің қайтарылуын қамтамасыз етті.

Мысалы, «Нан-Жер» ЖШС-нен 1 412 гектар жер алынды, бұл ретте «Баймырза-Агро» ЖШС 2 150 гектар жайылымдық жерді ерікті тәртіппен қайтарды.

Прокуратура жергілікті атқарушы органдарды қайтарылған жерлерді адал жергілікті тұрғындар мен бизнес субъектілеріне ұсынуға бағдарлады.

 Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

Тэгтер:

жер телімі Жер учаскесі