Астанада Қошқарбаев көшесіндегі көпірде жол ережесін өрескел бұзған Toyota жүргізушісі жазаланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция мәліметінше, 20 жастағы жүргізуші кептелісті айналып өтпек болып, көлік ағынын бөлуге арналған қауіпсіздік аймағымен жүріп өткен. Ол өз әрекетін телефонға түсіріп, кейін видеоны әлеуметтік желіге жариялаған.
Осы оқиғадан кейін жүргізушіге қатысты бірнеше әкімшілік хаттама толтырылды. Ол көлікті жолдың жүру бөлігінде орналастыру тәртібін бұзғаны, рөлде отырып телефон пайдаланғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды.
Полиция жол ережесін бұзу тек жүргізушінің өзіне ғана емес, өзге жол қозғалысына қатысушыларға да қауіп төндіретінін ескертті.