"Сәл ұялсаңдаршы": Ләйлә Сұлтанқызы қарызын қайтармай жүргендерге шүйлікті

Бүгін, 20:24 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қарыз алып, оны ұзақ уақыт бойы қайтармай жүрген адамдарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол жазбасында қарызды уақытында қайтармау әдетке айналып бара жатқанына алаңдайтынын айтты. Тележүргізушінің сөзінше, кей адамдар алған ақшасын бір-екі ай емес, жылдар бойы бермей жүр.

"Осы деймін да, неге қарызға ақша алғандар завтраками кормят? 1 ай кешіктірсе түсінем, бірақ 1 жыл, 2 жыл, 5 жылдап бермей жүргендер оқып отырсаңдар, сәл ұялсаңдаршы… Уже өз ақшаңды сұрауға ыңғайсызданады екенсің. Әлде аттарын атап тұрып, жазайын ба? Көбін танисыздар", – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Желі қолданушылары тележүргізушінің бұл пікірін қолдап, мұндай жағдай қоғамда жиі кездесетінін жазды. Кейбір оқырмандар өздерінің де қарызын қайтара алмай жүрген адамдардан шаршағанын айтып, пікір қалдырды.

Тэгтер:

Ләйлә Сұлтанқызы