Доллар бағасы күрт көтерілді

Бүгін, 17:50 / Алуа Арман

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 490,21 теңгені құрап, 5,12 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 9 маусымға белгілеген ресми доллар бағамы – 484,78 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 488,05 теңге, ал сату бағамы 490,22 теңге болып отыр. Астанада долларды орта есеппен 485,01 теңгеден сатып алып, 492,01 теңгеден сатуда. Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орташа есеппен 488,29 теңгеден сатып алып, 490,39 теңгеден сатуда.

Еске салсақ, күндізгі сауда қорытындысы бойынша:

25 мамырда доллардың орташа сараланған бағамы 1,42 теңгеге өсті;

26 мамырда 4,84 теңгеге өсті;

28 мамырда 7,54 теңгеге өсті;

29 мамырда 0,51 теңгеге өсті;

1 маусымда 2,45 теңгеге өсті;

2 маусымда 3,59 теңгеге өсті;

3 маусымда 3,44 теңгеге төмендеді;

4 маусымда 3,47 теңгеге төмендеді;

5 маусымда 2,26 теңгеге өсті;

8 маусымда 2,46 теңгеге төмендеді.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге нарық қор бағам