Қызылорда облысының Қазалы ауданының прокуратурасы жер заңнамасы талаптарының сақталуына жүргізілген талдау барысында жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбау және оларды өз бетінше иелену фактілері анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аталған бұзушылықтарды жою мақсатында прокуратурамен қадағалау актілері енгізіліп, оларды қарау нәтижелерімен мемлекет кірісіне жалпы құны 86 млн теңгені құрайтын жалпы аумағы 10 мың гектар жер учаскелері қайтарылды.
Жер учаскелерін заңсыз иеленген тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 136-бабына сәйкес уәкілетті органмен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Осы тектес фактілердің жолын кесу заңдылықты қалпына келтіруге, мемлекеттік мүдделерді қорғауға және өңірдің жер ресурстарын тиімді пайдалануын қамтамасыз етуге ықпал етеді.