Қарағанды облысына жаңа прокурор тағайындалды

Бүгін, 12:30 / Алуа Арман
Бас прокуратура

Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиев Қарағанды облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

М.Ә.Тлеубердиев еңбек жолын Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі болып бастады.

Әр жылдары Алматы қаласы Әуезов және Алмалы аудандарының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Кадрлық жұмыс департаментінің бастығы болып қызмет істеген.

2023 жылғы мамырдан Түркістан облысының прокуроры болды.

Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін Сағадат Нұрмағамбетов атындағы І дәрежелі «Айбын» және ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.

Тэгтер:

Тағайындау Қарағанды облысы прокурор