Жамбылда кәсіпорын 90 жұмысшыға жалақы төлемеген

Бүгін, 12:04 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жамбыл облысының Байзақ ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Байзақ су» ШЖҚ МКК-ның қаржылық шығындарын негізсіз жоспарлау нәтижесінде биылғы ақпан айында 15,3 млн теңгеге 90 жұмысшылардың алдында берешек пайда болғаны анықталды.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде жалақы бойынша берешек толығымен өтелді, ал кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Осылайша, Байзақ ауданының прокуратурасымен жұмысшылардың конституциялық құқықтары қорғалды.

Бұл бағыттағы жұмыс ерекше бақылауда.  

 

Тэгтер:

жалақы жұмысшы Жамбыл облысы кәсіпорын берешек