Астана тұрғындарына бірнеше автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгеретіні туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
City Transportation Systems (CTS) компаниясының мәліметінше, өзгерістер №4, 4А, 6, 16, 37, 39, 42, 318 және 503 бағыттарына қатысты.
Қазіргі уақытта «Н. Тілендиев», «Сарыбұлақ» және «№18 орта мектеп» аялдамаларына баратын жол жабылған. Осыған байланысты аталған бағыттағы автобустар бұл аялдамаларда жолаушыларды отырғызу және түсіру жұмыстарын уақытша жүзеге асырмайды.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулерін сұрайды.
Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.