Қазақстанда күн +40 градусқа дейін ысиды

Бүгін, 17:47 / Алуа Арман
istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 9–11 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, баяу жылжитын батыс циклоны еліміздің басым бөлігіне әсерін жалғастырады. Соған байланысты ауа райы құбылмалы сипатта болады.

«Ел аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді және дауылды жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Қатты жаңбыр 9–11 маусым күндері елдің солтүстік-батысында және солтүстігінде, ал 11 маусымда оңтүстік-шығысында күтіледі. Кезеңнің басында шығыста, ал ортасынан бастап оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы басым болады», – делінген хабарламада.

Күндізгі ауа температурасы:

Батыс өңірлерде +27…+35°C-қа дейін көтеріледі;

Солтүстікте +17…+28°C-қа дейін төмендейді;

Солтүстік-шығыс пен орталықта аптап ыстық сәл бәсеңдеп, +25…+33°C болады;

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +27…+35°C аралығында сақталады;

Шығыста ыстық ауа райы жалғасып, температура +32…+39°C-қа дейін жетеді.

Тэгтер:

ауа райы Қазгидромет ыстық