Жаңалықтар

Димаш Канн фестивалінде ән салады

ашық дереккөзі

Димаш Канн фестивалінде ән салады

Канн кинофестивалінде алғаш рет қазақстандық павильон ашылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстан павильонының ресми операторы - «Ұлттық кинематография өнері мен ғылымдарының академиясы» Қоғамдық бірлестігі (ҚБ). Аталған ҚБ 70-ші Канн халықаралық кинофестивалінде еліміздің киноиндустриясын таныстырмақ. Бірінші Қазақстандық павильон «Le Village International» кинонарығы аумағында Фестивальдер сарайы маңынба болады. 19 мамыр күні Францияның Ұлттық  кинематография орталығының алаңында Қазақстан павильонының ашылуына орай ресми қабылдау шарасы өтпек. Бағдарламада камералық ішекті ансамбльдің сүйемелдеуімен Айман Мұсақожаева мен Димаш Құдайберген өнер көрсетеді. Оған Канн кинофестивалі мен кинонарығының қонақтары мен қызметшілері, Франциядағы ҚР елшілігінің өкілдері, Көкшіл жағалаудағы муниципальды биліктер мен кинокомиссиялардың өкілдері шақырылған. «Қазақстан Ұлттық павильоны - Канн кинонарығында қазақстандық   кинематографистердің жұмыс істеуіне арналған алаң. Оператор ретіндегі  киноакадемияның міндеті, еліміздің  киноиндустриясының қатысушыларына, оның ішінде: киноөндірушілерге, прокат жасаушыларға, рентал студияларға, киножелілерге павильонды пайдалануға мүмкіндік туғызу», - деді киноакадемия президенті  Рашид Нұғманов. Ең алдымен, павильон аумағында кәсіби кездесулер өткізіліп, фильмдер мен жобаларды ілгерілету мен қызметтер жөнінде келіссөздер жүргізуге жол ашылмақ. «Халықаралық  фестивальдерге қатысу Қазақстанның кино түсіретін ел ретіндегі имиджін күшейтіп, бірлескен жобаларға серіктес іздеуге көмектеседі, ел экономикасына ақша түсуін қамтамасыз ету үшін республика аумағында шетелдік жобаларды іске асырудың келешегін қалыптастырады», - делінген ҚБ хабарламасында.