«ТОП-100 борышкер»: Павлодарда алимент төлемейтіндерді іздестіру жұмысы күшейтілді

Бүгін, 16:32 / Алуа Арман
istockphoto.com

Павлодар облысында іздестіруге жарияланған және «ТОП-100 іздестіріліп жатқан борышкерлер» республикалық тізбесіне енгізілген борышкерлердің орналасқан жерін анықтау бойынша ведомствоаралық жұмыс топтары құрылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бүгінгі таңда тізімдегі алты борышкердің бесеуінің орналасқан жері анықталды. Олардың төртеуі әкімшілік жауаптылыққа тартылды, бір борышкер алимент бойынша берешегін толығымен өтеді.

Мәселен, 2023 жылғы желтоқсанда борышкерлердің біріне қатысты 9 млн теңге сомасына алимент өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу қозғалды. Сот орындаушысы мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдады, бірақ борышкердің орналасқан жерін анықтау мүмкін болмады. Ағымдағы жылдың қаңтар айында ол іздестірілді.

Облыс прокуратурасы мен сот орындаушылары бірқатар іс-шараларды өткізгеннен кейін, оны іздестіруге жариялағаннан кейін борышкер анықталды, ал алимент бойынша 9 млн теңге мөлшерінде берешек толық көлемде өтелді.

Алимент бойынша берешекті өндіріп алу бойынша жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде бірқатар борышкерлер әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Борышкерлердің орналасқан жерін анықтау және алимент өндіріп алу жұмыстары жалғасуда.

Тэгтер:

алимент Павлодар облысы борышкер