8 маусымда Қазақстанның 17 облысы мен Астана қаласында күн райына қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Астанада жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкентте де жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігі мен орталығында секундына 15-20 метрге жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, ал солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында түнде таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыста және таулы аудандарда шығыс және оңтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстігінде, батысында және орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-шығысқа ауысатын желдің екпіні күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз оңтүстігі мен шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Солтүстік-батыс желінің екпіні күндіз оңтүстігі мен шығысында секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Солтүстік-батыс және солтүстік желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Солтүстік-батысында және орталығында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Таулы аудандарда оңтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Алакөл ауданында солтүстік-шығыс желінің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Батысында жоғары өрт қаупі сақталады, ал солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Солтүстік-батыс және солтүстік желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге жетеді. Батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз ауа температурасы 35-36 градусқа дейін көтеріледі. Батысында, солтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыс желінің екпіні облыстың оңтүстігі мен шығысында секундына 15-20 метрге жетеді. Оңтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Күндіз солтүстігінде және орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады. Солтүстігі мен орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады, ал орталығында және оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында және орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыс желінің екпіні күндіз батысында, оңтүстігінде және орталығында секундына 15-20 метрге жетеді. Орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында және шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз аптап ыстық сақталып, ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік желдің екпіні күндіз батысында және солтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысында күндіз таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-батыс желінің екпіні таулы аудандарда секундына 15-20 метрге жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, ал орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Ұлытау облысында күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.