Қызылордада жоғалып кеткен 6 жасар қыздың денесі табылды

Бүгін, 13:53 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Қызылорда облысында бірнеше күннен бері із-түзсіз жоғалып кеткен 6 жастағы Медина Мұратбекқызының денесі Әйтек су торабынан ағыспен төмен қарай 30 шақырым жерден табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, қыз баланың денесі Сырдария өзенінен табылған. Құтқарушылар мәйітті су айдынынан шығарып алған.

Еске салайық, Медина 5 маусым күні кешкі уақытта Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің жағалауына жақын орналасқан «Рисмаш» ауданындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Осыдан кейін өңірде ауқымды іздеу операциясы басталған еді.

Іздеу жұмыстарына дрондар, қызметтік иттер, қайықтар мен сүңгуірлер тартылды. Мамандар өзен бойын, жағалауды және оған іргелес аумақтарды бірнеше тәулік бойы тексерді.