Ақтөбеде қоқыстан табылған нәресте келесі аптада сәбилер үйіне ауыстырылады

6 маусым, 2026 / Нұрлан Әлинұр
Фото: pexels.com

Қазір құжаттары рәсімделіп жатыр. Сәби дін аман, денсаулығы қалыпты.

Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, нәресте әзірге ауруханада.

- Қазір құжаттарды рәсімдеу жұмысы жүріп жатыр. Полиция бәрін реттеген соң сәбилер үйіне тапсырамыз. Шамамен келесі аптаның ортасында сонда ауыстырамыз,- деп хабарлады баспасөз қызметі.