Алматыда сахнада былапыт сөз айтқан әнші полиция бөліміне жеткізілді (ВИДЕО)

Бүгін, 17:55 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қаладағы ойын-сауық мекемелерінің бірінде қоғамдық тәртіптің бұзылғаны түсірілген видео анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кадрлардан орындаушының сахнада өнер көрсету кезінде қоғамдық орында өзін ұстау талаптарын, әдеп нормаларын елемей, көпшілік алдында былапыт сөздер айтқаны байқалады.

"Мұндай әрекеттер ұсақ бұзақылық ретінде бағаланып, қоғамдық тәртіпті бұзу болып саналады. Сот шешімімен ер адамға 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, - деп атап өтті Алматы қаласының полиция департаменті.

Полиция қоғамдық орындарда белгіленген тәртіпті сақтау, айналадағы адамдарға құрметпен қарау және әдеп қағидаларын ұстану әрбір азаматтың міндеті екенін еске салды. Бұл талаптар азаматтың мәртебесі мен қызмет саласына қарамастан, баршаға бірдей қолданылады.