"Ешқашан ажыраспаймын деп ойладым": Ақбота Керімбекова жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Бүгін, 23:01 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Қазақстандық танымал әнші Ақбота Керімбекова бала күнгі армандары мен отбасылық өмірге қатысты бұрынғы көзқарасы туралы ашық айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесінің сөзінше, ол бала кезінде отбасы мәңгілік берік болады, адамдар бір-бірінен ешқашан ажырамайды деп ойлаған. Әнші өзінің де тұрмыстық өмірі дәл сол балалық қиялындағыдай жалғасады деп сенгенін жасырмады.

Ақбота Керімбекова уақыт өте келе өмірдің адам жоспарлағандай бола бермейтінін түсінгенін жеткізді. Ол өткен күндерін еске алып, жеке өміріндегі кейбір сәттер туралы жан сырын ақтарды.

Әншінің шынайы әңгімесі желі қолданушыларының назарын аударды. Көпшілік оның ашықтығына ризашылық білдіріп, қолдау сөздерін жазып жатыр.

Оқырмандардың бір бөлігі Ақбота Керімбекованың сөздері өздеріне де ой салғанын айтып, отбасы, тағдыр және өмірдің күтпеген бұрылыстары туралы пікір қалдырған.

Тэгтер:

әнші Ақбота Керімбекова