"Екі пәтерімді саттым": Байырбекованың ұлы 84 млн теңге қарызға кіріп кеткен

5 маусым, 2026 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Белгілі әнші Жазира Байырбекованың сіңілісі, әнші әрі блогер Ләззат Байырбекова ұлы Тәуіржанның қомақты қарызға кіргенін растады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесінің айтуынша, кейбір желі қолданушылары бұл жағдайды хайп немесе арнайы дайындалған сценарий деп қабылдаған. Алайда Ләззат Байырбекова мұның шын мәнінде болған оқиға екенін айтты.

"Жақындарымыздың да, кей оқырмандардың да бұған сенбегенін байқадым. Көпшілік мұны қаралым жинау үшін жасалған дүние деп ойлапты. Бірақ бұл рас жағдай. Қарыздың пайызы өсіп, 84 млн теңгеге жеткені өте өкінішті", – деді ол.

Әнші ұлының берешегін жабуға көмектесу үшін екі пәтерін сатуға мәжбүр болғанын да жеткізді.

Ләззат Байырбекова бұл жағдайды баласының қаржылық сауатының жеткіліксіздігімен байланыстырды. 

Тэгтер:

Ләззат Байырбекова