"Қамзол жоғалмағанда, Қыз Жібекті де еске алмас еді": Досхан Жолжақсынов өкінішін жеткізді

Бүгін, 21:34 / Жамбыл Жайлау
Malim.kz коллажы

Қазақ киносының көрнекті актері Досхан Жолжақсынов "Қыз Жібек" фильміндегі камзолдың тағдырына байланысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы өнер иесі журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты. Актердің сөзінше, Меруерт Өтекешованың есімі халық санасында "Қыз Жібек" бейнесімен біте қайнасып кеткен. Сондықтан тарихи әрі мәдени маңызы бар мұндай құнды дүниелердің сақталуына ерекше жауапкершілікпен қарау қажет.

Досхан Жолжақсынов фильмде қолданылған камзолдың жоғалуы қоғамдағы рухани құндылықтарға деген көзқарасты көрсететіндей әсер қалдыратынын жеткізді. Оның айтуынша, мұндай жәдігерлер жеке адамның ғана емес, тұтас ұлттың мәдени мұрасы ретінде қорғалуы керек.

"Кешегі Қыз Жібекті ойнаған Меруерт. Меруертті іздесе, Қыз Жібек деп, сол қоғам, сол орта. Бүгінгі сүлейлер қайда қалды? Бәлкім "Қыз Жібек" киген камзол жоғалмағанда, Қыз Жібекті де еске алмас еді. Ал Қыз Жібектің киген камзолы төбемізге көтеріп, тәж етсек, оның киімі де сондай. Ол Шәкен Аймановтың музейіне тапсырылу керек. Сонда тұру керек. Не болмаса, біздің Орталық музейімізге тапсырылу керек. Міне, осындай дүниелерді ойлайсың да, "Аһ" ұрасың. Құдай-ау, біз қай бағыттамыз? Біз қайда кетіп бара жатырмыз? Сонда бір қазақ біреуді біреу іздеу үшін, өлу керек пе? Сонда ғана сені біреу іздейтін болады ғой", – деді актер.

Тэгтер:

Меруерт Өтекешова Досхан Жолжақсынов