Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға түн ортасына таяу уақытта болған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, 1988 жылы туған әйел бесінші қабаттың терезесінен секіріп, өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады», – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.
«Қайтыс болған әйелдің осы тұрғын үй кешенінің тұрғыны екені анықталды. Алдын ала ақпарат бойынша, соңғы уақытта ол жеке өміріндегі жағдайларға байланысты ауыр эмоционалдық күйде болған», – деді полиция өкілдері.