«Қазақ энциклопедиясы» ЖШС Арыстанбек Мұхамедиұлынан мемлекетке қайтарылды

Бүгін, 10:00 / Алуа Арман
Ғаламтор

Прокуратура «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100 % үлесін ҚР Мәдениет және спорт экс-министрі А. Мұхамедиұлымен байланысты компанияның заңсыз иелігінен мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2015 жылы «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100 % үлесі жылжымайтын мүлік түріндегі активтері заңсыз иеліктен шығарылған, жеке заңды тұлғамен заңсыз жекешелендірілген (Әуезов ауданындағы ауданы 2 108,3 м2 жер учаскесі бар ғимарат). 

Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуратурасы жекешелендіру шартын және одан кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінген. 

Кассациялық соттың қаулысымен прокуратураның талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды, құны 1,3 млрд теңге болатын актив мемлекетке қайтарылуға жатады.

Тэгтер:

Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақ энциклопедиясы