4,5 миллион адамға тегін медициналық көмек көрсетіледі

4,5 миллион адамға тегін медициналық көмек көрсетіледі

4,5 миллион адамға тегін медициналық көмек көрсетіледі
ашық дереккөзі
Елімізде 4,5 миллион адамға тегін медициналық көмек көрсетіледі Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша құрылған республикалық штаб мүшелері халықпен кездесуде. Олар Шымкентте «Бекжан» автовокзалының күту залында қала қонақтарымен, тұрғындармен және базар сатушыларымен кездесті. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде енгізіле бастайтын МӘМС жүйесінің артықшылықтарын айтып түсіндірді.  «Елбасымыздың халыққа арнаған биылғы Жолдауында айтылғандай, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру туралы заң қолданысқа енеді. Бірақ бұл дәрігерге қаралу, емделу түгел ақылы болады дегенді білдірмейді. Ал биыл 1 шілдеден бастап міндетті сақтандырудың жарнасын төлеу жүзеге аса бастайды. Дегенмен, 17 әлеуметтік топқа тегін медициналық көмек көрсетілетін болады. Олар кімдер? 18 жасқа толмаған азаматтар, шамамен 4,5 миллион. Сосын студенттер, зейнеткерлер, мүгедектер... Жалпы алғанда 8,5 миллиондай адам бұрынғысынша тегін емделеді. Бюджеттік мекеме қызметкерлерімен қатар Қазақстан халқының 2,5 миллиондай тұрғыны өзін-өзі жұмыспен қамтып келеді. Егер еңбекке жарамды азаматтар міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жарнасын төлемесе, келесі жылдан бастап экстремалды жағдайдан өзге кезде тегін емделе алмайды», – деді ҚР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, «МУА» АҚ қоғамдық денсаулық кафедрасының профессоры Серік Ибраев.