Павлодарда төрт жасар қыз үшінші қабаттан құлап кетті

Бүгін, 21:11 / Жамбыл Жайлау
shutterstock.com

Павлодарда төрт жасар қыз көпқабатты үйдің үшінші қабатындағы терезеден құлап кетті. Оқиға 4 маусым күні болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

2021 жылы туған бала биіктен құлағаннан кейін Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Аурухана мәліметінше, жедел жәрдем шақырылған соң қыз бала травматология пунктіне жеткізілген. Мамандар оны қарап, қажетті диагностикалық тексерулер жүргізді.

Дәрігерлердің алдын ала диагнозы бойынша, баланың ішкі мүшелері соғылып, миы шайқалған. Қазір ол хирургия бөліміне жатқызылды.

Қазіргі уақытта қыз бала дәрігерлердің бақылауында. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Тэгтер:

Павлодар