«Астана – Көкшетау – Петропавл» тасжолындағы апатқа қатысты тың деректер шықты

Бүгін, 17:28 / Алуа Арман
ҚазАвтоЖол

3 маусым күні сағат 17:00 шамасында республикалық маңызы бар «Астана – Көкшетау – Петропавл» автомобиль жолының 254-шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көкшетау қаласына қарай келе жатқан Toyota Alphard автокөлігі алдындағы «Газель» автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам зардап шекті. Зардап шеккендердің барлығы жедел медициналық жәрдем қызметімен Бурабай ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметінше, Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі жол-көлік оқиғасына дейін өзімен бір бағытта қозғалып келе жатқан көлік құралдарына қатысты қауіпсіз арақашықтықты өрескел бұзған. Болжам бойынша, жүргізуші бірнеше рет алдыңғы көліктерге шамадан тыс жақындап, жолдағы апатты жағдайдың қалыптасуына себеп болған.

Бұл деректер бейнебақылау камераларының жазбаларында да көрініс тапқан. Видеода Toyota Alphard автокөлігінің алда келе жатқан көліктерге өте жақын қашықтықта қозғалғаны анық байқалады. Кейіннен аталған көлік жол таңбаларын салу жұмыстарын сүйемелдеп келе жатқан «Газель» автокөлігімен соқтығысқан.

Тэгтер:

Жол апаты