Маңғыстауда 170 млн теңге әлеуметтік көмек төленбеген

Бүгін, 16:33 / Алуа Арман
istockphoto.com

Маңғыстауда облысының Түпқараған ауданының прокуратурасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметінде мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету бөлігінде бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Талдау барысында уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің талаптарына және аудандық мәслихаттың шешімдеріне қарамастан, ауданның 1624 тұрғынына, оның ішінде 319 кәмелетке толмағандарға мереке күндеріне көзделген біржолғы төлемдерді жасамағаны анықталды. 

Аудан прокуратураның араласуынан кейін азаматтардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Алушыларға 170 миллион теңгеден астам әлеуметтік көмек төленді. 

Қабылданған шаралар ерекше әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 

Прокурорлық қадағалау актісін қарау қорытындысы бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Тэгтер:

әлеуметтік көмек Маңғыстау