Михаил Шайдоров спорт мектебінде оқитындарға сыйлық жасады

Бүгін, 14:13 / Алуа Арман

Мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров балалар күніне орай Алматы қаласындағы №3 кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барып, оқушыларға сыйлық жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бүгін Алматы қаласындағы №3 кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барып, мәнерлеп сырғанаумен айналысатын балалармен кездесіп, балаларды қорғау күніне орай кішігірім сыйлық – спорт құрал-жабдықтарын алуға сертификат сыйладым. Балаларды қуанта алғаным үшін ризамын! Біздің бірегей спорттағы балаларды әлі де көбірек қолдау үшін тырысамын, алға ұмтыламын», - деп жазды ол желідегі парақшасында.

Тэгтер:

Сыйлық спорт мәнерлеп сырғанау Михаил Шайдоров балалар күні