Қазақстандықтар шілдеде неше күн демалады?

Бүгін, 12:30 / Алуа Арман
istockphoto.com

2026 жылдың шілде айында қазақстандықтарды бір ғана мемлекеттік мереке күтіп тұр — 6 шілдеде атап өтілетін Астана күні, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мерекелік күндер көп болмаса да, ел тұрғындары шағын демалысқа шығу мүмкіндігіне ие болады.

Биыл Астана күні дүйсенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты қазақстандықтар қатарынан үш күн — 4, 5 және 6 шілдеде демалады.

Сонымен қатар, дәстүрлі демалыс күндері болып саналатын сенбі және жексенбі күндері де демалыс болады. Олар: 11, 12, 18, 19, 25 және 26 шілде.

Осылайша, 2026 жылдың шілде айында бескүндік және алтыкүндік жұмыс кестесі бойынша еңбек ететін Қазақстан азаматтары жалпы саны тоғыз күн демалады. Айдың қалған күндері жұмыс күні болып саналады.

Тэгтер:

демалыс мереке Шілде күнтізбе