Жазда сұранысқа ие бағыттар бойынша тальго пойыздары іске қосылады

Бүгін, 08:53 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Ұлттық тасымалдаушы жазғы маусымға сұранысқа ие бағыттар бойынша төрт қосымша тальго пойызын іске қосады, деп хабарлады Қазақстан темір жолы.

2026 жылдың 18 маусымынан бастап Ұлттық тасымалдаушы төрт бағдар бойынша қосымша Тальго пойыздарын іске қосады.

№254/253 "Нұрлы Жол – Достық"пойызы

Пойыз 2026 жылдың 22 маусымынан 31 тамызына дейін аптасына екі рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері жүреді. Құрамында 27 вагон қарастырылған. Пойыз 344 жолаушы орынға арналған, оның ішінде мобилділігі төмен жолаушыларға арналған арнайы купе бар.

№ 211/212 "Алматы – 2-Достық" пойызы

Пойыз 2026 жылдың 20 маусымынан 30 тамызына дейін күн сайын - тақ күндері жүреді. Құрамында 23 вагон қарастырылған. Пойыз 326 жолаушы орнына арналған.

№207/208 "Алматы-2 – Достық" пойызы

Пойыз 2026 жылдың 19 маусымынан 29 тамызына дейін күн ара – жұп күндері жүреді.

Құрамында 22 вагон қарастырылған. Пойыз 288 жолаушы орынға арналған.

№231/232 "Алматы-2 – Семей" пойызы

Пойыз 2026 жылдың 18 маусымынан 30 тамызына дейін күн ара – жұп күндері жүреді. Құрамында 22 вагон қарастырылған. Пойыз 288 жолаушы орынға арналған.

Бұл шара өңірлердің көліктік қолжетімділігін қамтамасыз етуге және жазғы демалыс кезеңінде жоғары сұранысты қанағаттандыруға бағытталған, дейді компанияда.