Бүгін қай қалада ауа сапасы төмендейді

Бүгін, 07:43 / Нұрлан Әлинұр
Pixabay

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

4 маусымда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы қаласында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.