Дастан Сәтпаев "Қайрат" сапындағы соңғы матчы қашан өтетінін айтты

Бүгін, 23:01 / Жамбыл Жайлау
"Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі. Суретте: Дастан Сәтпаев

“Қайрат” футболшысы Дастан Сәтпаев Алматы командасы сапындағы соңғы ойыны өз алаңында 17 немесе 21 маусым күні өтетінін айтты, деп хабарлайды “ҚазАқпарат” агенттігі.

Басылым мәліметінше, блиц-сұхбат барысында Дастан Сәтпаев “Қайрат” құрамындағы қорытынды матчы маусым айындағы үйдегі ойындардың бірі болатынын мәлімдеген.

"Әзірге менің соңғы матчым 17 немесе 21 маусымға жоспарланып отыр. Бұл – өз алаңымыздағы ойын”, – деді футболшы.

“Челсидегі” қаралымнан не күтетінін және клубтың жаңа бапкері Хаби Алонсомен кездесу туралы айтқан Дастан Сәтпаев Лондонда әріптестерімен жақсы байланыс орната алатынына сенетінін жеткізді.

“Жалпы, қобалжу жоқ. Тек ол жақта ниет пен талпынысты көрсету керек. Сол талпыныстың арқасында мен онда орныға аламын”, – деді Дастан Сәтпаев.

Тэгтер:

Дастан Сәтпаев