"6 айлық баламды анама қалдырдым": Айгүл Иманбаева өміріндегі ауыр кезеңді еске алды (ВИДЕО)

Бүгін, 20:00 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

Актриса Айгүл Иманбаева 22 жасында өміріндегі ең қиын кезеңдердің бірін бастан өткергенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесінің сөзінше, алғашқы ажырасуы оның тағдырына үлкен әсер еткен. Университетті аяқтағаннан кейін ол күйеуімен екіге айырылып, алты-жеті айлық сәбиімен анасының үйіне қайтып барған.

"Былай айтқанда тоқтықта өстік десек болады. Үлкен адам болып қалыптасып келе жатқан кезде үлкен ауыр сынақтың бірі – менің алғашқы ажырасуым болды. Жасым  22-ге толған кезім бе, толмаған кезім бе, тіпті есімде де жоқ. Кезінде еркелеп, аяқты алшысынан басып жүрген Айгүл жоқшылық күйге түседі", – деді актриса.

Айгүл Иманбаеваның айтуынша, сол ауыр кезеңдер оны шыңдап, өмірге деген көзқарасын өзгерткен.

"Адаспаймын деп жүріп адастым, бірақ сол адасу арқылы өз жолымды таптым. Қиындықты жеңдім. Аштық пен тоқтықтың, баршылық пен жоқшылықтың қадірін сол кезде ғана ұқтым. Бұл маған үлкен сабақ болды", – деді актриса.

Актриса бүгінде сол сынақтардың өзін қайратты болуға, еңбек етуге және өмірдің бағасын терең түсінуге үйреткенін жеткізді.

Тэгтер:

әнші Айгүл Иманбаева