Қазақстан U-19 құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Португалиямен тең ойнады

Бүгін, 18:17 / Дана Ізтілеуова
ҚФФ

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы матчын сәтті өткізіп, А лигасының 6-тобында нағыз сенсация жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алғашқы кездесуде Қазақстан құрамасы Португалия ұжымынан ұпай тартып алды. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды.

Грекияның Салоники қаласында өткен ойынның тартысы соңғы минуттарға дейін жалғасты. Португалиялықтар кездесудің 81-минутында ғана есеп аша алды. Дегенмен қазақстандық футболшылар қайсарлық танытты: араға небәрі бес минут салып, Алдияр Нұрғали дәлдігімен көзге түсіп, есепті теңестірді және іріктеу кезеңінің басында құрама қоржынына маңызды ұпай салды.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі келесі матчтарын жақын арада өткізеді. Біздің жігіттер 6 маусымда Сербиядағы құрдастарымен шеберлік байқасса, 9 маусымда шағын турнирді іріктеу қожайындары – Грекия құрамасына қарсы ойынмен аяқтайды.