7 жастағы оқушы халықаралық математика олимпиадасында күміс жүлде жеңіп алды

Бүгін, 17:02 / Алуа Арман
Ғаламтор

Астанадағы республикалық физика-математика мектебінің 1-сынып оқушысы, 7 жастағы Бақтыбай Мұхаммад Түркияның Анталия қаласында өткен VIII халықаралық FEMO математика олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылғы 31 мамыр мен 5 маусым аралығында өтіп жатқан беделді білім сайысына әлемнің 20-дан астам елінен 1–6 сыныптардың ең үздік оқушылары қатысып жатыр.

Жоба республикалық физика-математика мектебінің бастамасымен жүзеге асырылғанымен, Мұхаммад халықаралық финалға жолдаманы республикалық деңгейдегі қатаң іріктеуден өту арқылы жеңіп алған.

 

 

Тэгтер:

оқушы Олимпиада Түркия күміс жүлде Халықаралық олимпиада математика 7 жастағы бала