Доллар қайта арзандады

Бүгін, 16:19 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 489,31 теңгені құрап, 3,44 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 3 маусымға белгілеген ресми доллар бағамы – 493,15 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 488,55 теңге, ал сату бағамы 491,13 теңге болып отыр. Астанада долларды орта есеппен 486,99 теңгеден сатып алып, 493,99 теңгеден сатуда. Шымкент қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 488,43 теңге болса, сату бағамы 490,53 теңгені құрайды.

Еске салайық, күндізгі сауда-саттық нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы:

25 мамырда 1,42 теңгеге өсті;

26 мамырда 4,84 теңгеге өсті;

28 мамырда 7,54 теңгеге өсті;

29 мамырда 0,51 теңгеге өсті;

1 маусымда 2,45 теңгеге өсті;

2 маусымда 3,59 теңгеге өсті.

Ал 3 маусымдағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы керісінше 3,44 теңгеге төмендеді.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор