АҚШ-та қарулы адам банкке басып кіріп, бірнеше адамды кепілге алды

Бүгін, 18:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Бейкерсфилд қаласында белгісіз ер адам банк бөлімшесіне басып кіріп, бірнеше адамды кепілге алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жергілікті ABC News телеарнасының хабарлауынша, оқиға Chase банкінің бөлімшесінде болған. Күдікті жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 13:00-де банк ғимаратына кіріп, іште бекініп алған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдіктінің қолында жарылғыш зат болуы мүмкін. Осыған байланысты банк маңы толық қоршауға алынып, арнайы қызметтер жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта кепілде қанша адамның қалғаны белгісіз. Алайда олардың біреуі босатылғаны хабарланды.

«Жарылғыш құрылғы туралы расталған қауіпке байланысты Честер авенюі мен 17-көше қиылысындағы Chase банкінің маңында жұмыс жүргізіп жатырмыз», – деп мәлімдеді жергілікті полиция X әлеуметтік желісінде.

Оқиға орнына АҚШ Федералдық тергеу бюросының (FBI) қызметкерлері де жіберілген. Қазір арнайы операция жалғасып жатыр.

Тэгтер:

банк АҚШ кепіл