Жаңалықтар

Әлемдегі ең әдемі әуежайды білесіз бе?

ашық дереккөзі

Әлемдегі ең әдемі әуежайды білесіз бе?

Әлемдегі ең әдемі әуежай анықталды. Ол - Кариб теңізінде  Саба аралындағы Хуанчо-Ираускин әуежайы. Бұл туралы PrivateFly зерттеу компаниясының сайтында хабарланды, деп жазады ҚазАқпарат.  Зерттеу компаниясы аталмыш рейтингті ресурс қолданушыларының пікірі негізінде жасады. Туристер әуежайдың көркемдігі мен ерекшелігін есепке ала отырып, осындай таңдау жасапты. Бұдан бөлек, Хуанчо-Ираускин әлемдегі ең қауіпті әуежайлардың ондығына іліккен. Әуе айлағына тек үш үлгідегі ұшаққа рұқсат етілген. 400 метрлік ұшу-қону жолағы әлемдегі ең қысқасы болып саналады.