Қазақстанда веломаусымның басталуына орай полиция тұрғындарға қауіпсіздік шараларын еске салды. Екі дөңгелекті көлік иелерін велосипедтерін сақтау мәселесіне мұқият қарап, оларды қараусыз қалдырмауға шақырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жыл басынан бері ел аумағында шамамен 400 велосипед ұрланған. Олардың жартысынан астамы табылып, иелеріне қайтарылған. Ұрлықтар көбінесе түнгі уақытта көпқабатты үйлердің кіреберістерінде, баспалдақ алаңдарында және тұрғын үйлердің аулаларында жасалады.
Полицейлердің айтуынша, велосипед иелерінің өзі қылмысқа қолайлы жағдай жасап, мүліктерін қараусыз қалдырады немесе сенімсіз құлыптарды қолданады. Тәртіп сақшылары бірнеше қарапайым қауіпсіздік ережелерін еске салады. Ғимаратқа кіретін жағдайда велосипедті ішке алып кіру немесе рамасы мен артқы доңғалағына бірден құлып орнату ұсынылады.
Мықты қорғаныс үшін болаттан жасалған шынжырлы құлып немесе U-lock қапсырма-құлып қолдану ұсынылады. Сондай-ақ велосипедті тек күзетілетін тұрақтарға немесе бейнебақылау камерасы орнатылған аймақтарға қалдырған дұрыс. Көлік иелеріне алдын ала велосипедті немесе рамадағы сериялық нөмірді суретке түсіріп алу және оның ерекше белгілерін есте сақтау ұсынылады. Жаз мезгілінде полиция велосипедшілер көп шоғырланатын орындарда, яғни саябақтарда, сауда орталықтарының маңында және веложолдарда патрульдеуді күшейтеді.
Тұрғын үй алаптары мен тұрақ аймақтарының маңында түнгі рейдтер де жүргізіледі. Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері ұрланған мүлікті сатудың алдын алу үшін базарлар мен стихиялық сауда орындарын тексереді.