Тоқаевтың шақыруымен Кипр президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

Бүгін, 08:05 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кипр Республикасының президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.

"2-4 маусым күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кипр Республикасының президенті Никос Христодулидис Қазақстанға ресми сапармен келеді", - деп жазылған хабарламада.

3 маусым күні өтетін келіссөздер барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарға басымдық беретін екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды.

Сондай-ақ бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған, дейді Ақордада.