Шавкат Рахмонов пен әйеліне қатысты қуанышты хабар тарады (ВИДЕО)

Бүгін, 23:19 / Жамбыл Жайлау
ашық дереккөзден

UFC файтері Шавкат Рахмоновтың жеке өміріне қатысты соңғы күндері әлеуметтік желіде тараған әңгімелерге байланысты жаңа мәлімет айтылды. Заңгер Мейірман Шекеев Qazaqordasy арнасына берген сұхбатында спортшының отбасылық жағдайына қатысты пікір білдіріп, Шавкат пен жары Гүлайым Рахмонованың заңды түрде әлі ажыраспағанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Заңгердің айтуынша, ерлі-зайыптылар арасында некені бұзу мәселесіне қатысты құқықтық процесс басталғаны рас. Бұған дейін тараптар ажырасу туралы ресми арыз берген.

"Иә, Гүлайым Рахмонова мен Шавкат Рахмонов ажырасуға арыз бергені рас. Басында олар бұл процесті бастады", – деді Мейірман Шекеев.

Алайда кейін тараптар өзара келісімге келіп, сотқа берген өтініштерін кері қайтарып алған.

"Кейін олар татуласып, берген арыздарын кері қайтарып алды. Қазіргі таңда екеуі заңды түрде ажыраспаған", – деп нақтылады заңгер.

Осылайша, Шавкат Рахмоновтың отбасылық жағдайына қатысты желіде тараған түрлі болжамдарға заңгер тарапынан түсініктеме берілді. Оның сөзінше, спортшы мен жұбайы қазіргі уақытта ресми түрде ерлі-зайыпты болып саналады.

Тэгтер:

Шавкат Рахмонов