Теміртауда бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, жеті адам эвакуацияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға қаланың 6-шағын ауданындағы көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерде болған. Өрт кезінде жиһаз бен тұрмыстық техника жанған.
Төтенше жағдайлар қызметкерлері баспалдақ арқылы жеті адамды қауіпсіз жерге шығарды. Олардың төртеуі – бала. Өртті сөндіру барысында пәтер ішінен газ баллоны шығарылып, ықтимал жарылыстың алдын алынды.
Құтқарушылар жалынды қысқа уақыт ішінде ауыздықтады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына балалардың отпен ойнауы себеп болуы мүмкін. Пәтердің асүйінде газ баллонына жалғанған электр плитасы тұрған.
Балалардың анасының айтуынша, кіші ұлы электр плитаны қосқан. Кейін плита қыза бастаған. Болжам бойынша, бала қағаз немесе тез тұтанатын басқа материалды жағып ойнаған. Ашық жалын шыққан кезде қорыққан бала жанған қағазды еденге лақтырып жіберген. Соның салдарынан кілем тұтанып, өрт шыққан.
Осыдан кейін бала бөлмеден жүгіріп шығып, үлкен ағасы мен атасын оятқан.