Маңғыстауда ойын алаңынан 12 жастағы баланың денесі табылды – БАҚ

Бүгін, 21:05 / Жамбыл Жайлау
pixabay.com

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында тұрғын үй маңындағы ойын алаңдарының бірінен мектеп жасындағы баланың денесі табылды, деп turkystan.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымға бұл туралы жергілікті тұрғындардың бірі хабарлаған. Оның айтуынша, баланы алдымен басқа бала байқап қалған. Бастапқыда ол оны әткеншекте отыр деп ойлаған, алайда жақындаған кезде жағдайдың ауыр екенін түсініп, бірден ата-анасын шақырған.

Кейін оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған. Жедел жәрдем станциясы басылымға 1 маусым күні шақыртуға барғанын және 2014 жылы туған баланың қайтыс болғанын тіркегенін растаған.

Әзірге қайғылы оқиғаның нақты себебі белгісіз. Басылым дереккөзі баланың денесінде тұншығу белгілері болғанын айтқанымен, бұл ақпаратқа қатысты ресми қорытынды жарияланған жоқ.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті әзірге оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.

Тэгтер:

Маңғыстау ойын алаңы